Рыбакина теннистен әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Фото: Artur Widak/Getty

СПОРТ
2287

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Olympic.kz мәліметінше, Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді. 

Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті, – делінген ақпаратта.

Бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында өтті. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолиниге және қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал Соболенкоға қарсы кездесудің алдында Елена жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді. Сондықтан бұл ойын оның турнирлік жағдайына әсер етпейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...