Делидегі Азия чемпионатында Қазақстан мергендері екі алтын жеңіп алды

Фотосурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

СПОРТ
19

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Құрлықтық додада ұлттық құраманың қоржынына бірден екі алтын медаль түсті, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Жарысқа Азияның 20 елінен 320 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан үш жас санатында 47 мерген бақ сынауда.

Әйелдер арасында 50 метр қашықтықта пневматикалық винтовкамен үш позицияда нысана көздеуден жекелей сында София Шульженко алтын медаль жеңіп алды.

Финалда үздік сегіз спортшы бақ сынап, София 358.2 ұпай жинады. Бұл нәтиже жаңа рекорд ретінде тіркелді.

Осы жетістіктен кейін София Шульженко аталған жаттығу бойынша ересектер және жасөспірімдер санатында әлем және Азия рекордының иесі атанды. Күміс пен қола медаль Үндістан спортшыларына бұйырды.

Командалық сында София Шульженко, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова финалда үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте бірінші орын алды.

Қазақстан әйелдер құрамасының жалпы нәтижесі — 1760 ұпай. Бұл көрсеткіш биылғы Азия чемпионатында команданың толық басымдық танытқанын көрсетті.

Азия чемпионаты үш жас санатында өтіп жатыр: ересектер, жастар және жасөспірімдер.

Қазақстан құрамасының ересектер командасының бас бапкері — Ольга Довгун.

Құрлықтық дода 13 ақпанда аяқталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Қазақстанның туы мен елтаңбасын өртеп, бүлдіріп жатқан қазақстандықтар тобы түсірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты "Qazaq Airan" YouTube арнасы жаңа деректе...