"Әлемнің ең үздік екі ойыншысы - мен және Мбаппе": Ламин Ямаль мәлімдеме жасады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

СПОРТ
104

Испания құрамасы мен каталониялық "Барселонаның" жұлдызды шабуылшысы Ламин Ямаль 2026 жылы "Алтын допты" иеленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

"Барселона" мен Испания құрамасының 19 жастағы вингері Ламин Ямаль әлемдік футболдағы басты жеке марапатқа қатысты жоспарларын нық сеніммен айтты. 

Movistar Plus арнасына берген сұхбатында ол француз Килиан Мбаппемен бірге әлемнің үздік екі ойыншысының бірі екенін, бірақ биыл "Алтын доп" лайықты түрде өзіне бұйыруы тиіс екенін атап өтті.

"Шынымды айтсам, әлемнің үздік ойыншысы атағына тек екеуміз ғана таласып жатқан сияқтымыз. Барлық жеңісімді ескере отырып, биыл бұл марапатқа лайықпын деп ойлаймын. Мен үшін әлемнің ең үздік екі ойыншысы - мен және Мбаппе. Бұл өте анық нәрсе. Мен үшін бәрі түсінікті және матчтарды тамашалайтын қауым мұны біледі", - деді Ямаль. 

2025/26 жылғы маусым Ламин Ямаль үшін нағыз серпіліс пен титулдарға толы кезең болды. Ол "Барселонамен" бірге Ла Лиганы және Испания Суперкубогын қайта жеңіп алды. Испания чемпионатында ол 28 матчта 16 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді, ал барлық клубтық турнирлерде 24 гол мен 18 ассисттің авторы атанды.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы "Алтын допты" тапсыру рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді деп жоспарланған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулыққа қатысты тәжірибелерді зе...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Нұра ауданында баланың үстіне құрылысқа арналған металл профлист құлағаны туралы ақпарат т...