Садриддин Ахмедов қарсыласын нокаутпен жеңді

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1854

АҚШ-та өткен кәсіпқой бокстан қазақстандық Садриддин Ахмедов қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлады madeniportal.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Санта-Инез қаласында өткен бокс кешінде Ахмедов америкалық Антонио Тоддпен жұдырықтасты. Жекпе-жек небәрі бір раундқа созылып, қазақ боксшысының айқын жеңісімен аяқталды.

Садриддин қарсыласын алдымен нокдаунға жіберген. Рефери кездесуді жалғастыруға рұқсат бергені сол екен, ол Антонио Тодды ауыр соққыларымен төпелей жөнелді. Мұнан соң төрешінің жекпе-жекті тоқтатуына тура келді.

26 жастағы Садриддин 2022 жылдан бері кәсіпқой рингке шықпаған. Ол соңғы рет Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетіп, африкалық қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. Жуырда қазақ боксшысы америкалық промоутермен келісімшарт жасасып, мансабын сол елде жалғастыратын болды.

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...