Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

Фото: olympic.kz

СПОРТ
337

Төрехан Сабырхан Азия ойындарының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ерлер арасында 70 келі салмақта қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан шаршы алаңға шығып, иорданиялық Зейад Ишаишпен алтын жүлдені сарапқа салды.

Үш раунд қорытындысы бойынша, отандасымыз қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. 

 

Биыл сәуірде Азия чемпионатының финалында Төрехан дәл осы Ишаиштен жеңіліп, күміс медаль алған еді. Сол финалда Төрехан рингте тым сенімді көрінген, сол сәтті Ишаиш пайдаланып кеткен еді. Бұл жолы бәрі басқаша. Төрехан өте сауатты әрі жинақы бокстасып, жеңісті жұлып алды. 12 жылдан соң Азиадада бокстан алтын алдық. Бокстан мықты дейміз ғой, бірақ 2018, 2022 жылғы Азия ойындарында біз алтынсыз қалған едік. Сол көптен күткен алтынды Төрехан Сабырхан алып берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....