"Қайрат" футбол клубы әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше суретпен бөлісті, деп хабарлайды ...
Әлемдік бокс ұйымы қаралы хабар таратты
Ашық дереккөзден алынған
Әлемдік бокс ұйымы (WBO) жапон боксшысы Хиромаса Уракаваның қайтыс болғанын хабарлады. 28 жастағы спортшы отандасы Эдзи Сайтомен жекпе-жекте алған жарақаттарының салдарынан көз жұмған, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Қаралы хабар ұйымның X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында 9 тамыз күні жарияланды, деп жазады
«WBO 2 тамызда Токиодағы Коракуэн залында Эдзи Сайтомен жекпе-жек кезінде алған жарақаттарынан қайтыс болған жапон боксшысы Хиромаса Уракаваның қазасына қайғырады», – делінген ресми мәлімдемеде.
Ұйым марқұмның отбасына, достарына және бүкіл бокс қауымдастығына көңіл айтты.
The Ring басылымының мәліметінше, Уракаваның өліміне ауыр бас-ми жарақаты себеп болған. Дәрігерлер шұғыл бас миына ота жасағанымен, оның өмірін сақтап қала алмады.
Қайғылы жекпе-жек 2 тамызда Токиодағы Коракуэн залында өткен. Сайто сегізінші, соңғы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.
Бұл оқиға жапон боксы үшін қысқа мерзім ішінде екінші трагедия болды. Сол күні, сол турнирде тағы бір жапон боксшысы — 28 жастағы Сигэтоси Котари да өлімге әкелген жарақат алған. Ол да субдуралды гематомаға байланысты шұғыл ота жасатқан, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Айта кетерлігі, 2024 жылдың сәуірінде Уракава мен Котари рингте кездескен, сол кезде жеңісті Хиромаса иеленген. Кәсіби мансабында ол 14 жекпе-жек өткізіп, 10 рет (7 нокаутпен) жеңіске жеткен және 4 рет жеңілген.
Осы қайғылы оқиғалардан кейін Жапония бокс комиссиясы Шығыс және Тынық мұхиты бокс федерациясының (OPBF) барлық жекпе-жектерінің ұзақтығын 12 раундтан 10 раундқа қысқарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BBC Sport. Бұл қадам боксшылардың ауыр жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған.