Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін нокаутпен бастады

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
1492

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін нокаутпен бастады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бокс жанкүйерлері 20 шілде күні Бішкекте өткен кәсіпқой бокс кешінде еліміздің мақтанышы Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой рингтегі дебютін тамашалады. 

Олимпиада ойындарының жүлдегері бірінші жекпе-жекте қарсыласын алғашқы раундта-ақ сұлатып түсірді.

Сәкеннің қарсыласы 23 жастағы филиппиндік боксшы Кристиан Легане (6-1-3, 4 KO) еді. Екі боксшы да жекпе-жек алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өткен: Бибосыновтың салмағы 51,9 келі болса, Легане 51,7 келіні көрсетті. 

Жекпе-жек 52,1 келі салмақ дәрежесінде алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда, Сәкен қарсыласын нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...