V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны аяқталды, деп хабарлайды madeniportal.kz. 6 күнге жалғасқан Д...
Жеребе тартылды: Чемпиондар лигасында «Реал» мен «Бенфика» тағы да кездеседі
Фото: ЧЛ сайтынан
Монакода Чемпиондар Лигасы 1/16 кезеңінің жеребесі тартылды. 16 команда өзара мықтыны анықтап, жеңгені 1/8 финалға жолдама алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
1/16 кезеңде кездесетін командалар:
«Боруссия» Дортмунд (Германия) – «Аталанта» (Италия)
«Олимпиакос» (Грекия) – «Байер» (Германия)
«Брюгге» (Бельгия) – «Атлетико» Мадрид (Испания)
«Галатасарай» (Түркия) – «Ювентус» (Италия)
«Монако» (Франция) – «Пари Сен-Жермен» (Франция)
«Қарабақ» (Әзербайжан) – «Ньюкасл Юнайтед» (Англия)
«Будё-Глимт» (Норвегия) – «Интер» (Италия)
«Бенфика» (Португалия) – «Реал» Мадрид (Испания)
1/16 финал 17-18 ақпан аралығында өтеді. Қарымта кездесулер 24-25 ақпанға белгіленген. Аталған кезең жеңімпаздары 1/8 финалға өтіп, топтық кезеңнің үздік сегіз командасымен жолығады. Плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі 27 ақпанда өтеді.
Қызығы, жалпы кезеңде жолыққан «Реал Мадрид» пен «Бенфика» өзара 1/16 финалдың тағдырын шешеді. Бұл туралы шетел мамандары мынадай пікір білдірген. Бұл жолы қалай болмақ?
ESPN басылымы бұл Жозе Моуриньо үшін экс-командасынан «кек алатын» екінші мүмкіндік екенін жазған. «Бенфиканың» жалпы кезеңдегі жеңісі таңданарлықтай әсер қалдырғанын атап өткен.
Ал BBC Sport болса, «Бенфиканың» жалпы кезеңдегі жолын талдай келе, Моуриньоның бапкер ретінде үш рет айқұлақты трофейді ұтқанын, алайда «Реал Мадридті» (2010-2013 жж) жаттықтырған кезеңде жартылай финалдан ары аса алмағанын талдаған. Яғни, бұл атақты бапкер үшін өзін сынап көрудің жаңа мүмкіндігі екенін көрсеткен.