Дзюдодан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова сүйіктісінің үйлену туралы ұсынысын қабылд...
Азия Пара ойындарының алғашқы алтыны қоржында
Фото: Ұлттық паралимпиадалық комитет
Ел қоржынына Азия Пара ойындарының алғашқы алтынын сыйлаған Еркін Ғаббасов, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пара оқ атудан пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды.
Сондай-ақ ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
Екінші орынды Корея спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) алды.
Айта кетейік, бұған дейін Еркін Габбасов Паралимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медальді жеңіп алды.
Халықаралық жарысқа Азияның 45 елі мен өңірінен шамамен 4 мың спортшы қатысуда. Олар спорттың 18 түрінен медальдар үшін бақ сынайды.
Қазақстан атынан 150 спортшы қатысып, спорттың 12 түрінен ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, пара жеңіл атлетика, пара жүзу, пара дзюдо, пара таеквондо, пара пауэрлифтинг, пара үстел теннисі, пара нысана көздеу, пара садақ ату, пара велоспорт, отырып ойнайтын волейбол, бочча және арбадағы теннис бойынша жарысқа түседі.
Қазақстан құрамасы биыл арбадағы теннистен алғаш рет өнер көрсетеді. Сондай-ақ зияткерлік даму ерекшеліктері бар қазақстандық пара жеңіл атлеттер де алғаш рет Азия Пара ойындарына қатысып отыр.
Жарыстың ашылу салтанаты 18 қазанда Нагоя қаласындағы «Мидзухо» стадионында өтті. Қазақстанның мемлекеттік туын пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков пен пара дзюдошы Аяла Мереке алып шықты.