33 елден жанкүйер жиналды: Шакира Бішкекте үлкен шоу жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
95

Қырғызстан астанасы Бішкекте әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакираның ауқымды концерті өтті. Әлемдік жұлдыздың өнерін тамашалау үшін қалаға 33 елден жанкүйерлер арнайы келген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Концерт «Бішкек Арена» стадионында әншінің Las Mujeres Ya No Lloran World Tour атты әлемдік гастрольдік сапары аясында ұйымдастырылды.

Шоу барысында Шакира миллиондаған тыңдарманның сүйікті әндеріне айналған Hips Don’t Lie, Waka Waka, Whenever, Wherever және басқа да танымал хиттерін орындады.

Sputnik Қырғызстан мәліметінше, концертке әлемнің 33 мемлекетінен көрермендер келген. Шетелдік жанкүйерлер арасында Қазақстан, Ресей және Өзбекстан азаматтары ерекше белсенділік танытқан.

Айта кетейік, бұл – Шакираның Орталық Азиядағы алғашқы концерті. Сондықтан әлемдік жұлдыздың Бішкектегі өнер көрсетуі тек Қырғызстан тұрғындары үшін ғана емес, көршілес мемлекеттердегі жанкүйерлер үшін де маңызды мәдени оқиғаға айналды.

Ауқымды музыкалық кеш жергілікті тұрғындармен қатар көптеген шетелдік қонақтың назарын аударып, Қырғызстандағы халықаралық деңгейдегі ірі мәдени іс-шаралардың бірі болды.

PESTEL

Францияда өтіп жатқан наразылық акциялары аясында 2027 жылғы президент сайлауына қатысуды жоспарлап...

СПОРТ

Ел қоржынына Азия Пара ойындарының алғашқы алтынын сыйлаған Еркін Ғаббасов, деп хабарлайды Made...