Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азиаданың ашылу салтанатына дейін жарыстан шығып қалды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

СПОРТ
147

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында өткізген үш матчтің бәрінде жеңіліп, турнирмен қоштасты. Ойындардың ашылу салтанаты тек 19 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Азиаданың ресми басталуына әлі бес күн болса да, бағдарламаның кейбір түрлері бойынша жарыстар басталып кетті. Соның бірі - Қазақстан құрамасы қатысқан баскетбол турнирі болды. 

Қазақстан құрамасы Бахрейн, Қытай және Филиппинмен бір топқа түсті. Турнирдің басында команда қытайлықтардан 61:99 есебімен ұтылса, екінші матчте филиппиндіктерге 78:109 есебімен есе жіберді.

Бұған қарамастан, үшінші ойын алдында плей-оффқа шығу мүмкіндігі сақталған еді. Себебі 1/4 финалға әр топтан үздік екі команда ғана емес, үшінші орын алған ең үздік ұжым да жолдама алады.

Алайда регламентті пайдалану мүмкін болмады - қазақстандықтар Бахрейнге 101:78 есебімен жол беріп, топта соңғы орынмен турнирді аяқтады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Астанада академиялық алмасу бағдарламасымен білім алып жүрген екі қырғызстандық ст...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Ердос Қанаев әлеуметтік желіде өзінің сырт келбетіне қатысты жазылған пікірлерге жауап...