"Өте сенімді күресті": дзюдо құрамасының бас бапкері Сметов пен Қырғызбаев туралы айтты

KAZ.NUR.KZ

СПОРТ
1629

Қазақстан дзюдо құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбавқа қатысты пікір білдірді. Бапкер екі спортшының да мықты екенін атап өтті. 

Бапкердің сөзінше, Елдос Сметов Олимпиада ойындары кезінде өзінің нағыз жеңімпаз екенін дәлелдеген.

"Кетіп бара жатқанда айтқан едім, Елдос, одан кейін Ғұсман тәжірибелі спортшы. Елдосқа келетін болсақ, бүкіл кездесуді ұтты. Өте сенімді, сауатты күресті. Ол сол жерде Әлем чемпионы екенін, екі дүркін Олимпиада чемпионы екенін көрсетіп, дәлелдеді. Өте жақсы өнер көрсетті", - деді Нұрбол Сүлейменов. 
Дзюдо құрамасының бас бапкері Ғұсман Қырғызбаев үшін уайымдағанын жасырмады. Дегенмен спортшы өзін жақсы қырынан көрсетіп, жеңіске жетті.

"Ғұсманға кішкене қиын болады деп ойладық. Бірақ, Аллаға сансыз шүкір, Ғұсман өзі жігерлігімен, ерлігімен, ұстамдылығымен жеңді. Екі дүркін әлем чемпионымен, Франция елінің өкілімен күресті. Оны да ұтты", - деді бас бапкер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...