«Қайрат» – «Панатинаикос» матчында мектеп мұғалімі бас төреші болды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

СПОРТ
117

22 қазанда Алматыда өткен «Қайрат» пен Грекияның «Панатинаикос» клубы арасындағы УЕФА Конференция лигасының кездесуінде нидерландтық төреші Аллард Линдхаут бас қазы болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

39 жастағы Аллард Линдхаут 1987 жылғы 11 қыркүйекте Нидерландта дүниеге келген. Ол төрешілік мансабын әуесқой футболдан бастап, кейін елдің кәсіби чемпионатында қызмет атқарған. 

Линдхаут 2010 жылы Нидерландтың екінші дивизионында алғашқы кездесуін өткізді. Ал 2015 жылғы 18 сәуірде «Виллем II» мен «Гронинген» арасындағы матчта алғаш рет жоғары дивизионда төрелік етті.

2020 жылы ол ФИФА-ның халықаралық төрешілер тізіміне енгізілді. Сол жылдың тамызында шотландиялық «Селтик» пен венгриялық «Ференцварош» арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеу матчында қазылық жасап, еурокубоктағы алғашқы тәжірибесін жинақтады. 

Нидерландтық төрешінің өміріндегі қызықты жайттардың бірі – оның футболдан бөлек білім беру саласында да жұмыс істеуі. Линдхаут жастармен жұмыс істеу және педагогика бағытында тәжірибе жинаған. Ол төрешілік қызметі мен білім беру саласындағы тәжірибесін ұштастырып келеді.

Алматыдағы матчта Линдхаутқа отандастары Йохан Балдер мен Дион Фиккерт көмек көрсетті. Төртінші төреші міндетін Сандер ван дер Эйк атқарды. VAR жүйесіне Эрвин Бланк жауап берсе, оның көмекшісі Алекс Бос болды. Осылайша, кездесуді толықтай Нидерландтан келген төрешілер бригадасы басқарды.  

Айта кетейік, 22 қазанда Алматының Орталық стадионында өткен матчта «Қайрат» грек клубынан 1:5 есебімен жеңілді.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Астанаға ұшып бара жатқан ұшақта бір мезгілде үш жолаушының денсаулығы сыр берді. Абырой...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байқоңырда полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын салған 17 жастағы жасөспірімге қат...