Бибісара Асаубаева Гран-при сериясында 1-орынға шықты

Фото: инстаграм парақшасынан

СПОРТ
2403

Шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE-нің 2024-2025 жылғы әйелдер арасындағы Гран-при сериясында жалпы есепте 1-орынға шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Грузия астанасы Тбилисиде өткен алғашқы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізсе, жуырда Шымкент қаласында өткен 2-кезеңде қола жүлде алды. Еншісінде 182.5 ұпай бар.

Келесі сатыда 2 турнирде бақ сынаған Ставрула Цолакиду (Грекия) тұр.

Алда серияның 4 кезеңі бар. Оларды Монако, Кипр, Үндістан мен Аустрия қабылдайды. 

Шоу-бизнес

Актриса Дариға Бадықова Асхат Садырбайға берген сұхбатында отбасындағы жауапкершілік пен тұрмыстық қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада арбамен келе жатқан әйел мен бес айлық баласын көлік қағып кетті. Сәби ауруханада көз жұ...