Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын барлық команда анықталды

Фото: qazsporttv.kz

СПОРТ
242

Чемпиондар лигасының 2026/2027 маусымындағы іріктеу кезеңінің плей-офф ойындары аяқталды. Жалпы кезеңде Қазақстандық клуб ойнамағанымен, ұлттық құраманың қақпашысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Іріктеудің соңғы күні турнирдің соңғы төрт қатысушысы белгілі болды. Түркиялық "Фенербахче" "Лионды" жеңіп, араға 17 жыл салып турнирге оралды, ал словакиялық "Слован" мен норвегиялық "Викинг" "Целе" мен "Динамо Загребтен" басым түсті.

Сондай-ақ Чемпиондар лигасынан Қазақстанның жалғыз өкілі - алматылық "Қайратты" жарыс жолынан шығарған болгариялық "Левски" де тыс қалды. Олар грекиялық АЭК-ке жол берді.

Чемпиондар лигасы 2026/2027 маусымының барлық қатысушылары:

  • "Арсенал";
  • "Манчестер Сити";
  • "Манчестер Юнайтед";
  • "Астон Вилла";
  • "Ливерпуль" (барлығы – Англия);
  • "Барселона";
  • "Реал Мадрид";
  • "Вильярреал";
  • "Атлетико", Мадрид;
  • "Бетис" (барлығы – Испания);
  • "Интер";
  • "Наполи";
  • "Рома";
  • "Комо" (барлығы – Италия);
  • "Бавария";
  • "Боруссия" Дортмунд;
  • "РБ Лейпциг";
  • "Штутгарт" (барлығы – Германия);
  • ПСЖ;
  • "Ланс";
  • "Лилль" (барлығы – Франция);
  • ПСВ;
  • "Фейеноорд" (екеуі де – Нидерланды);
  • "Порту";
  • "Спортинг" (екеуі де - Португалия);
  • "Галатасарай";
  • "Фенербахче" (екеуі де - Түркия);
  • "Будё-Глимт";
  • "Викинг" (Норвегия);
  • "Брюгге" (Бельгия);
  • "Славия" (Чехия);
  • "Шахтёр" (Украина);
  • "Сабах" (Әзербайжан);
  • ЛАСК (Австрия);
  • АЕК (Грекия);
  • "Слован" (Словакия).

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Қорған қаласында мас ер адам бір жасар қызына күш көрсетіп, ауыр жарақат салған, деп хабарл...