Бақыт Сарсекбаев: "Равный бой көрсеттің бе, демек шанс жоқ"

Фото: prosports.kz/kz

СПОРТ
2356

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақыт Сарсекбаев спортшыларға жеңу үшін айқын басымдылық көрсету керек екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бақыт Сарсекбаев Instagram парақшасында спортшыларға Олимпиадаға соғыс деп қарап, тас түйін болып соғысу керек деп жазған.

"Ағайын, мына бір нәрсені түсінуміз керек та. Олимпиада ол әкеңнің төрі емес, ешкім басыңнан сипамайды. Ол соғыс деп қарап, соғысқа дайындалғандай дайындалып, тас түйін болып соғысу керек. 4 жылда бір келетін, тек мыңнан бір спортшының өмірінде кездесетін додаға әркім де аламын деп келеді. Бұл жерде равный бой көрсеттің бе, демек шанс жоқ. Тек қана айқын басымдылық, тек қана бір емес, екі бас жоғары болып жұлып алуға болады". 

Ендігі үміттің жартылай финалға шыққан Нұрбек Оралбайда екенін де айта кеткен:

Нұрбек, ендігі үміт сенде! Бүкіл қазақ тілеуіңді тілеп отыр! Бокстың түсіп бара жатқан абыройын көтеріп, бәрімізді бір серпілтіп тасташы!

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желіде өмірден мезгілсіз өткен ұлына туралы жазба жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында көшелердің бірінде автокөлік өртенді. Қызмет орнына бара жатқан СОБР қызметкерлері...