Боксшы Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады

Сурет massaget.kz сайтынан алынды

СПОРТ
2849

Кәсіпқой боксшы желіде қызу талқыланып жатқан ақпаратты теріске шығарды, - деп хабарлады madeniportal.kz.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын.  Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!", - дейді Тұраров. 

Еске салсақ, күні бүгін боксшы қыз зорлау фактісі бойынша айыпталды деген ақпарат тараған.  Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында. 

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...