Нұралы Әліп Ресей Cуперкубогының үш дүркін чемпионы болды

Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

СПОРТ
2492

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп санкт-петербургтік "Зенитпен" Ресей Cуперкубогын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасап madeniportal.kz хабарлайды.

Жаңа маусымның алғашқы кубогы үшін өткен кездесуде "Зенит" ұжымы "Краснодар" командасын 4:2 есебімен жеңді. Ойын "Волгоград Аренада" болды. Петербургтік команда сапынан Родригао (13-минутта), Вендел (33) және Максим Глушенков (42, 68) гол соқты. "Краснодар" құрамынан Никита Кривцов (65) пен Федор Смолов (70) мергендік танытты. Нұралы Әліп алаңға 66-минутта Родригаоның орнына шықты. Қазақстандық футболшы нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. Десе де "Зенит" командасы Ресей Cуперкубогын тарихта тоғызыншы рет және қатарынан бесінші рет жеңіп алды. Ал Нұралы бұл жүлдені осымен үшінші рет иеленді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...