"Бұдан да жақсы нәтиже көрсетер ме едім" - Назым Қызайбай

Фото: olympickz

Спорт
433

Бокстан әйелдер арасындағы бәсекеде 50 келіде қола жүлде иеленген Назым Қызайбай алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды, madeniportal.kz

"Финалдық жекпе-жекті көріп, қарсыласымның қаншалықты мықты екеніне көз жеткіздім. Өзімнің айқасымдағы кемшіліктерімді  де байқадым. Мықтыны мықты деп мойындау керек. Дайындық жағынан уақыт аз болды деп ойлаймын. Себебі, лицензияны тек мамыр айының соңында ғана иелендім. 2023 жылы өткен жазғы Азия ойындары немесе 2024 жылдың наурызында ұйымдастырылған Бусто-Арсицио әлемдік іріктеуінде жолдама алғанымда, бұдан да жақсы нәтиже көрсетер ме едім деп ойлаймын. Бірақ осы жүлде үшін де қаншама жылдар бойы еңбектендім", - дейді Назым Қызайбай. 

Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиадада қола медальді еншілеген чемпион қызымыз қуанышын жасыра алмай, ішкі сезімімен бөлісті.

Геннадий Головкинді тек теледидардан ғана көретін едім. Бүгін марапаттау сәтінде ол кісі арнайы қатысты. Өте қуаныштымын.

Сонымен қатар, Назым Қызайбай алдағы жоспар қандай екенін де айтып өтті. 

2022 жылы Ташкентте өткен оқу-жаттығу жиыны барысында қаладан кішкентай Эйфель мұнарасын байқап, Түркия құрамасындағы жақын досыммен бірге ырымдап суретке түскен едім. Өкінішке қарай, түрік қызы 66 келіде жұдырықтасып, жүлдеге іліге алмады. Енді бұйырса ертең шынайы Эйфель мұнарасына барып түсемін. Барша қолдаған қазақ халқына алғысымды білдіремін!

Боксты жақсы көремін. 3 дүркін әлем чемпионы болсам деген мақсатым бар. Себебі, ерлер арасында Серік Сәпиев және әйелдер арасында мен ғана 2 рет әлем чемпионы атанғанбыз. Енді сол тарихты жаңарту ойда бар»

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында әйелдер құрамасынан 3 боксшымыз бақ сынап, ең жеңіл салмақтағы Назым Қызайбай қола жүлде иеленген болатын.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...