Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен кездеседі

Фото: kff_team парақшасынан

СПОРТ
163

Бүгін, 6 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кездесу ел астанасы - Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 19:00-да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, бүгінгі матчқа Мақсат Абраев, Жасұлан Әмір, Мағжан Тоқтыбай, Абинұр Нұрымбет секілді жас ойыншылар ұлттық құрама сапына алғаш рет шақырту алған. 

Қазірге дейін екі құрама сегіз мәрте кездескен еді. Алтауында армениялық футболшылар жеңіске жетіп, бір кездесу тең аяқталса, біреуінде отандастарымыз басым түсті.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).

Ұлттық құрама бүгінгі матчтан кейін 9 маусымда Мажарстанмен сырт алаңда жолдастық кездесу өткізеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызын іздеу жұмыстары екінші тәулікке ұл...

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына тосын жазба жариялап,...