Дастан Сәтпаев негізгі құрамда шығып, «Бернлидің» үздік үш ойыншысының қатарына енді

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
323

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, командадағы үздік ойыншылардың бірі атанды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

18 жастағы футболшы Англия лигасы кубогының 1/32 финалында «Брэдфорд Ситиге» қарсы кездесуде 80 минут ойнады. 

Сәтпаев үшін бұл кездесу ерекше болды. Ол «Бернли» сапында алғаш рет ресми матчты негізгі құрамда бастады және алаңда 80 минут өткізді. Қазақстандық шабуылшы ауыстырылғандықтан, пенальти сериясына қатысқан жоқ.

Кездесуден кейін Сәтпаевтың ойыны жоғары бағаланды. Қазақстандық футболшы 7,1 ұпай алып, «Бернлидің» матчтағы үздік үш ойыншысының қатарына енді.

Сәтпаев 80 минут ішінде қарсылас қақпасына екі рет соққы бағыттап, бір нәтижелі шабуылға бастайтын пас берді. Сондай-ақ ол 35 пастың 30-ын дәл жеткізіп, 86 пайыздық дәлдік көрсетті.

Дастан допқа 56 рет тиіп, екі дриблинг әрекетінің біреуін сәтті орындады. Бұдан бөлек, 18 рет алға жылжып, допты ілгері алып шығуға атсалысты.

Дастан Сәтпаев қорғанысқа да септігін тигізе алды. Ол төрт рет доп тартып алуға әрекет жасап, төртеуінде де жеңіске жетті. Позициялық жекпе-жектердің алтауына қатысып, бесеуінде қарсыласынан басым түсті. Матч барысында 13 рет доптан айырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда 54 жастағы әйел күйеуінің пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы жағдайды алғаш болып ерлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...