"Шаңғы спортымен басынан айналысқан жоқпын. Бұған дейін ережесіз жекпе-жек, грэпплинг және джиу-джитсумен шұғылдандым. 2019 жылы грэпплингтен ересектер арасындағы ел чемпионатында вице-чемпион атандым, сондай-ақ Азия чемпионы болдым. Негізі бұл спорт түрлерін әрі қарай да жалғастыруға болар еді. Бірақ төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындарына қатысу – менің үлкен арманым еді. Ал грэпплинг пен джиу-джитсу Олимпиада бағдарламасына кірмегендіктен, шаңғы спортына ауысуға шешім қабылдадым. Спортта тек физикалық күш емес, ішкі ерік-жігер де маңызды. Адамда жігер болса, алынбайтын қамал болмайды", – дейді чемпион.
Қазақстан әйелдер боксы құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Назым Қызайбайдың Болгарияда өтетін &...