"Челси" футбол клубындағы қазақстандық жас талант Дастан Сәтбаев қанша табыс табады?

Фото: sport-pulse.kz

СПОРТ
1148

Алматылық «Қайраттың» талантты түлегі, 16 жастағы Дастан Сәтбаевтың әйгілі «Челси» футбол клубында қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Челси" футбол клубы қазақстандық жас талант Дастан Сәтбаевпен келісімшартқа қол қойылғанын ресми растады.

"Қайрат" футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев Дастан үшін алматылық клуб 4,3 миллион еуро алатынын мәлім етті. Бұл - қазақстандық футбол тарихындағы рекордтық трансфер.

Сәтбаев ағылшындық клубтың қатарына 2026 жылдың жазында қосылады және бес жылдық келісімшартқа қол қояды.

Боранбаевтың айтуынша, ойыншының жалақысы - айына шамамен 14 мың фунт шамасында. Оның 12 мыңы ата-ана шотына аударылады және бұл қаражат спортшы 22 жасқа толғаннан кейін ғана қолжетімді болады. Сондай-ақ келісімшартта тағы бір жылға ұзарту опциясы қарастырылған.

Дастан Сәтбаев "Қайрат" сапында 2026 жылдың жазына дейін өнер көрсетеді. Өйткені оның Ұлыбританияда жұмысқа орналасуы кәмелетке толғаннан кейін ғана мүмкін болады. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...