«Қайрат» — «Астана» кездесуі: футбол мен экологияны біріктірген ойын

Фото: fckairat

СПОРТ
196

Алматы қаласында маусымның ең көп күткен матчтарының бірі — Қайрат пен Астана командалары арасындағы кездесу жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Стадион лық толып, жанкүйерлер өз командаларын белсенді қолдап, нағыз футбол мерекесінің атмосферасын қалыптастырды. Ойын барысында Таза Қазақстан экологиялық бастамасына ерекше назар аударылды. Жанкүйерлер тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және трибуналарда тәртіп сақтауға шақырылды.

Кештің көркін қыздырған — жанкүйерлермен белсенді қарым-қатынас жасап, ерекше көңіл-күй сыйлаған достық пейілді барыс-маскот болды.

Қазақстан Премьер-Лигасының 4-туры аясында алматылық Қайрат өз алаңында Астана командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытты. Есеп 10-минутта ашылды — Эдмилсонның пасынан кейін Жоржиньо мергендігімен көзге түсті. 22-минутта Дастан Сәтпаев есепті еселеді.

33-минутта Сәтпаевтың нәтижелі пасынан кейін Жоржиньо дубль авторы атанды. Ал бірінші таймға қосылған уақытта команда капитаны Александр Мартынович есепті 4:0-ге жеткізді.

Екінші таймда алматылықтар ойын тізгінін толық бақылауда ұстап, қарсыласқа мүмкіндік берген жоқ.

Осы жеңістен кейін Қайрат 10 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Матч тек нәтижесімен емес, сонымен қатар Таза Қазақстан бастамасы арқылы қоғамға берілген маңызды экологиялық үндеуімен де ерекшеленді. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында түнгі жәрмеңке кезінде алып айналма дөңгелек құлап, кемінде 30 ада...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың 24 наурызы күні Алматыдағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған Баир Сиқымбаевтың мәйіті...