Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді

ашық дереккөзден алынған

СПОРТ
198

Қазақстандық футболшы бүгін Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында 81-минутта Данияның «Копенгаген» командасы қақпасына гол соқты, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Нәтижесінде ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың үштігіне кірді. Бүгін оның дүниеге келгеніне 17 жас 105 күн толып отыр.

Бұл тізімде көш басында испаниялық Ансу Фати тұр. Ол испаниялық «Барселона» сапында 2019 жылы Италияның «Интер» қақпасына гол соққан сәтте 17 жас 40 күнге толған еді. Екінші орында «Барселонаның» тағы бір жұлдызы Ламин Ямаль (17 жас, 68 күн) еншілеп келеді. Ламин 2024 жылы «Монако» қақпасын дәл көздеді.

Ал қазірге дейін үздік үштікте бельгиялық «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихена тұрған еді. Ол «Барселонаның» қақпасына гол соққан уақытта дүниеге келгеніне 17 жыл 119 күн толған еді.

Айта кетсек, бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында Данияның «Копенгаген» клубына 2:3 есебімен жол берді.

Осыдан бұрын «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Енді қазақстандық клуб одан кейін 9 желтоқсанда Астанада Грекияның «Олимпиакос», 2026 жылдың 20 қаңтарында Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдаса, 28 қаңтарда Англияның «Арсенал» командасымен шеберлік байқасады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...