Данияр Елеусіновтің жағдайына алаңдаған боксшы қыз мәлімдеме жасады

Фото: Іnstagram.com/lady_sparta

СПОРТ
299

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Данияр Елеусіновтің соңғы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдіріп, оның менеджері Зие Алиевке көпшілік алдында үндеу жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Сатыбалдинова Instagram-дағы сторисінде боксшының жағдайына назар аударуға шақырды.

"Онымен не болып жатқанын көріп отырсыз ғой. Сіз оның промоутері ретінде Даниярға көмектесе алмайсыз ба?" – деп жазды спортшы. 

Сондай-ақ боксшы Елеусіновке мамандардың көмегі қажет болуы мүмкін екенін айтып, оған психологиялық қолдау немесе оңалту қажет болса, осы мәселеге назар аударуға шақырды.

Таяуда Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі жазбасында соңғы жылдары алкогольге тәуелділікпен күресіп жүргенін ашық айтты. Боксшы бұл жағдайдың Олимпиададан кейін басталғанын айтып, өзін мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына түскені үшін сынағандарға жауап берді.

Елеусінов мұндай қиындыққа тап болған адамдарды мазақ етпеуге және айыптамауға шақырды. Оның сөзінше, адам мұндай жағдайдың қаншалықты қиын екенін өз басынан өткермей түсіне бермейді.

Боксшы спорттағы жетістіктеріне қарамастан, қазіргі кезеңді өміріндегі күрделі сынақ ретінде қабылдайтынын айтты. Ол бұл жағдайды Алланың сынағы деп атап, кейде мұндай тәуелділікті жеңуде адамның ерік-жігері ғана жеткіліксіз болуы мүмкін екенін жеткізді.

Елеусінов қазақстандықтарды қиындыққа тап болған адамдарға түсіністікпен қарауға шақырды. 

СПОРТ

Бүгін Астана Аренада ел классикосы өтті. Елордалық “Астана” мен алматылық “Қайрат&...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Мичиган штатында бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапқан қайғылы оқиға болды. Полицияның мәлі...