Садриддин АхмедовAlmaty Arena спорт кешенінде өтіп жатқан бокс кешінде Садриддин Ахмедов WBC Asia че...
Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турнирін жеңіспен бастады
Фото: MadeniPortal.kz
FIFA Series 2026 турнирінің алғашқы ойыны Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
FIFA Series турнирінің алғашқы ойыны Намибия құрамасына қарсы екі де нөл есебімен аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы сенімді жеңіске жетті. Жеңіс әкелген екі голдың авторлары Ян Вороговский мен Әлібек Қасым.
Ойын өте тартысты өтті. Ұлттық құрама турнирді сәтті бастап, жеңіске деген сенім мен ойынға деген дайындықтың жоғары болғанын көрсете алды. Ал, қарсылас командаға келер болсақ, ұлттық құрама сапындағы шабуылшы Ғалымжан Кенжебекке ерекше дайындалғаны байқалды. Сондай-ақ, қақпашы Темірлан Анарбеков бастапқы құрамда шығып, екінші таймда Мұхаммеджан Сейсенмен алмасты. Ойыншылар жоғары ойын нәтижесін көрсетіп, толық үш ұпайды еншіледі.