Дәрігер Шавкат Рахмоновтың жақын арада жекпе-жекке шықпауы мүмкін екенін айтты

Фото: ашық дереккөзден

СПОРТ
218

Қазақстандық жеңілмеген UFC файтері Шавкат Рахмоновтың октагонға қайта оралуы кейінге шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Unforgettable MMA порталының мәліметінше, спортшыны емдеп жатқан дәрігер Михаил Маркуарт Шавкат Рахмоновтың 2026 жылы жекпе-жекке шығуы екіталай екенін айтқан.

Маманның сөзінше, медициналық штаб қазақстандық файтерге биыл жарысқа қатысуға рұқсат беретін қорытынды бермеуі мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, Рахмонов октагонға тек 2027 жылдың көктемінде оралады.

Шавкат Рахмоновтың ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбей, тізе жарақатын емдеуі UFC жартылай орта салмақ дивизионындағы жағдайға да ықпал етті. Бір жарым жылға жуық уақыт бойы белдеспеген спортшы ұйымның ресми рейтингінен уақытша шығарылған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ата-ананың өтінішінен кейін жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша Қостанай облысы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жеке үйдің аумағындағы септикке құлаған сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиғаны...