Алматыда шахматтан Балалар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Қала рекордтық көрсеткішпен –...
Португалия футболының аңызы Нани «Ақтөбеге» келді
Фото: Kpl.kz
Бұрын «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасында ойнаған әйгілі вингер Луиш Нани «Ақтөбемен» келісімге келуі мүмкін екені айтылған болатын.Бұған қатысты ресми дерек шынға айналды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Луиш Карлуш Алмейда да Кунья 1986 жылы Кабо-Вердеде дүниеге келген. Балалық шағында Португалияға қоныс аударып, «Спортинг» академиясында тәрбиеленді. 2005 жылы негізгі құрамда дебют жасап, Лига чемпионатында алғашқы қадамдарын жасады. Жарқын ойыны оны Еуропаның алпауыт клубтарының назарына іліктірді.
2007 жылы Нани 25,5 млн еуроға «Манчестер Юнайтедке» ауысып, мансабының ең биік кезеңін осы клубта өткізді. Ол «қызыл сойқандар» сапында 260 матч өткізіп, 50 гол соқты. Төрт рет АПЛ чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын, Англия кубогын, Лига кубогын және клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.
Кейінгі жылдары Нани «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио» клубтарында ойнап, АҚШ пен Аустралия чемпионаттарын да көрді. Түркияда ол қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетовпен бір командада өнер көрсетті. 2024 жылдың желтоқсанында, 38 жасында, кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады.
Ресейлік спорттық сарапшы әрі журналист Микеле Антонов «Ақтөбенің» жұлдызды ардагерлерге қызығушылығын арзан хайп емес, клубтың танымалдылығын арттыруға бағытталған саналы қадам деп бағалады. Оның айтуынша, бұл шешім «Ақтөбені» тек Қазақстанда ғана емес, Еуропада және әлемде танытуға мүмкіндік береді. Сарапшы медиялық тұрғыдан мұндай стратегияны дұрыс деп атап, клуб туралы әңгіме көбейетінін алға тартты.