Ең сұлу волейболшы Сабина Алтынбекова ажырасқанын растады

Фото: ашық дереккөзден

СПОРТ
1541

"Forbes" журналының ең бай спортшы тізімінде 11 орынға жайғасқан отандасымыз Сабина Алтынбекованың ажырасқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әлеуметтік желіде оқырмандарының бірі спортшыдан жеке өміріне қатысты сұрақ қойған. «Сіздер айырылысып кеттіңіздер ме?» деп сұраған оқырманына спортшы ашық жауап берген.

Волейболшы өз жауабымен көпшіліктің күдігін растады.

«Мен ресми түрде некеде болдым және ресми түрде ажырастым. Бұл жайтқа қатысты көптеген сауал болды. Осы жауабыммен бәріне нүкте қоямын», - деді Алтынбекова.

Айта кетейік, волейболшы Сәбина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ерлі-зайыпты ұлды болған еді.

Бүгінге дейі Алтынбекова Индонезияның «Yogya Falcons» командасында өнер көрсетті. Алайда, қазір Астанаға оралған. Болашақ жоспары туралы волейболшы жақын күндері бөлісетінін де айтып өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...