Инфантиноны сынаған ФИФА басшысы қызметінен кетті

Фото: Sam Hodde / Getty Images

СПОРТ
94

ФИФА-ның бас операциялық директоры Кевин Ламур ұйым президенті Джанни Инфантиноны ашық сынағаннан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ламурмен еңбек қатынастарының 2026 жылғы 17 тамызда тоқтатылғанын растады. Бұл туралы футбол инсайдері Бен Джейкобс хабарлады. 

ФИФА өкілдерінің мәлімдеуінше, Ламур ұйымдағы қызметін екі жыл атқарған. 

«ФИФА Кевинге екі жылдық қызметі үшін алғыс айтады және болашақта оған сәттілік тілейді», – делінген ұйым таратқан мәлімдемеде. 

ФИФА бұл шешімге қатысты бұдан әрі түсініктеме бермейтінін атап өтті. 

Ламурдың қызметінен босатылуына оның ФИФА президенті Джанни Инфантиноны ашық сынауы себеп болғаны айтылды. 

Өнер

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, КСРО жән...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов ішімдікке әуестігі бар екен...