Назым Қызайбайды қызықтыратын жігіт қандай болу керек? Батыр қыз өзі айтып берді

Фото: инстаграм парақшасынан

СПОРТ
1377

Парижде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай болашақ жарына қоятын талаптарын ашық айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Боксшы ару ер адамның сұлулығына емес, іс-әрекетіне, сөздеріне жауап бере алатындығына назар аударатынын жеткізді. 

Менің болашақ жарым мейірімді адам болуы керек. Ол мені адам ретінде құрметтеп, бағалай білсе екен деймін, сонымен қатар өз сөздері мен іс-әрекеттеріне жауап бере алатын болуы қажет. Жігіт өзін де, сүйіктісін де қорғай алуы тиіс. Ал ер адамның сымбатына келер болсақ, әркімнің өз критерийлері бар. Сондықтан бұл қасиет мен үшін аса маңызды емес, - деді боксшы қыз.

Назым Қызайбай бұған дейін де өзіне келген хаттарды оқитынын айтқан болатын. Чемпион ару әлеуметтік желіде әлі де оқырмандарына жауап беретінін, бірақ соңғы кездері жаттығулардан қолы тимей жүргенін мәлімдеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...