Атбасар қаласында «Дала Қырандарына» үміткерлер сыннан өтті

MadeniPortal.kz

СПОРТ
267

Атбасар қаласында «Дала Қырандары» қозғалысына қосылуға ниетті жастар мен қызметкерлер арасында дене даярлығы бойынша нормативтер қабылданды. Іс-шара қатысушылардың физикалық дайындығын ғана емес, төзімділігі мен ерік-жігерін де саралады.

Сынақ барысында үміткерлер 3000 метрге жүгіру және Купер тестін тапсырды. Купер тесті аясында секіру, қолды бүгіп-жазу және іш бұлшықеттеріне арналған «кітапша» жаттығулары орындалды. Барлық нәтижелер қатысушылардың жас және салмақ санатына сәйкес бағаланып, ресми хаттамаға тіркелді.

Іс-шара алдында қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, жалпы қыздыру жаттығулары жүргізілді. Сынақ кезінде командалық рух ерекше байқалды: тәжірибелі қырандар жаңадан қатысушыларға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Қатысушылардың денсаулығын бақылау үшін медицина қызметкерлері кезекшілік атқарды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, нормативтерді тапсыру — қыран болу жолындағы алғашқы әрі маңызды кезең. Бұл жерде тек физикалық көрсеткіштер ғана емес, тәртіп, жауапкершілік және өзін дамытуға деген ұмтылыс та ескеріледі.

Жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар келесі кезең — емтихан мен сұхбатқа жолдама алды.

«Біз үшін күш пен жылдамдық қана емес, адамдық қасиет те маңызды. Нағыз қыран — мінезі берік, тәртіпті әрі сенімге лайық тұлға», — деді ұйымдастырушылар.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...