Мбаппе «Қайратқа» қарсы матчқа негізгі құрамда Беллингемді шығармауды сұрады

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
742

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы алматылық "Қайратқа" қарсы өтетін ойынды алдында мадридтік "Реалда" Килиан Мбаппенің пікірі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

Don Balon дерегінше, франциялық шабуылшы бірқатар командаласымен бірге Джуд Беллингемді бастапқы құрамға қоспау керек деп есептейді. Олардың ойынша, иығына жасалған операциядан кейін англиялық жартылай қорғаушы толық қалпына келе алмаған.

Бұл жағдай әсіресе "Атлетикоға" қарсы өткен дербиде айқын көрінді: Беллингем алаңда ауыр қимылдап, қорғаныста белсенділік таныта алмады. Соның салдарынан "Реал" іс жүзінде бір ойыншымен кем ойнағандай болды.

Мбаппе бастаған футболшылар Хаби Алонсодан Беллингемді әзірге ротациялық ойыншы ретінде пайдалануды сұраған. Яғни, ол екінші таймда ғана алаңға шықса, ойынға бейімделуі жеңіл болмақ деген пікір бар.

Дегенмен, Джуд Беллингем "Реалдың" ең талантты ойыншыларының бірі саналады. Сондықтан алдағы "Қайратпен" кездесу оның жағдайын анықтайтын басты сынақ болмақ. Ал Хаби Алонсо оны негізгі құрамда қалдыра ма, әлде уақыт беріп, қалпына келуін күтеді ме – бұл әзірге беймәлім. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяда өрт кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтың сүйегі табылды, деп хабарлады MadeniPort...

ПРОЗА

Қой атаулының түрі көп, кескін-келбеті де, бітімі де бір-біріне ұқсамайды. Соның ішінде менің көңілі...