Франция елінің астанасы Парижде 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары басталды, деп хабарлайды madenipor...
“Ресми матчтарға қатыспаймыз”: Астана ойыншылылары клуб басшылығына талап қойды
Фото: fca.astana
Елордалық «Астана» футбол клубы жаңа мәселеге тап болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Спорт журналисі, комментатор Эльдар Аманбаев әлеуметтік желіде “Астана” футбол клубына қатысты жаңа ақпаратпен бөлісті. Ол өзінің жазбасында елордалық клубтың ойыншалыры жалақы бойынша қарыздар төленбесе ресми матчтарға қатыспайтындарын айтқанын жеткізген.
Менің деректерім бойынша, бір апта бұрын команда ойыншылары жаттығулар мен ресми матчтарға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдаған. Егер клуб 7 қыркүйекке дейін бірнеше айлық жалақы қарызын өтемесе, ойыншылар өз жоспарларын жүзеге асыруға дайын.
Турнирлік кестеде үштікте келе жатқан клуб бұл мәселені тезірек шешпесе, тек еліміздің чемпионатынан емес, еурокубоктардан да құр қалуы мүмкін.
«Астана» қазіргі уақытта алдағы маусымда еурокубоктарға қатысу құқығын беретін үшінші орында тұрғандықтан, клубтың құрылтайшысы — «Sport Qory» қоры ойыншылар алдындағы берешек мәселесін шұғыл шешуі тиіс.
Әйтпесе, елдің жетекші клубы 2013 жылдан бері алғаш рет еурокубоктардан тыс қалады.
Айта кетейік, 6 қыргүйек Астана Аренада "Астана" футбол клубы семейлік "Елімайды" 4:0 есебімен жеңіп, үшінші орынды лайықты түрде сақтап қалды.