Мессиге Барселонаның 8 ойыншысы қарсы ойнайды: ӘЧ 2026 финалистері белгілі болды

Фото: Getty Images

СПОРТ
254

Аргентина құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші финалисі атанды. Лионель Скалони шәкірттері енді 19 шілдеде алтын жүлде үшін Испаниямен кездессе, Томас Тухельдің командасы 3-орынға таласта Франциямен ойнайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кездесуді Англия өте жоғары қарқында бастап, алғашқы минуттардан-ақ қарсыласқа қатты қысым көрсетті. Томас Тухельдің шәкірттері аргентиналықтардың өз айып алаңынан шығуына мүмкіндік бермей, Лионель Мессиді әріптестерінен оқшаулауға тырысты. Соған қарамастан бірінші тайм аса тартысты өткенімен, қауіпті сәттер аз болып, командалар үзіліске голсыз тең есеппен аттанды.

Екінші таймның басында Аргентина есеп ашуға жақын болды. Алайда Джордан Пикфорд Хулиан Альварестің қауіпті соққысын қайтарды. Дегенмен алғашқы болып Англия гол соқты. Гарри Кейн бастаған шабуылда Деклан Райс допты сақтап қалып, Морган Роджерс оң қапталдан дәл пас шығарды. Энтони Гордон қорғаушыны қапы қалдырып, есепті ашты.

Матчтың 85-минутында Аргентина стандартты жағдайды сәтті пайдаланды. Барлығы Мессидің айып алаңына асырма жасайды деп күткен сәтте, ол допты кері шегініп тұрған Энцо Фернандеске шығарып берді. Жартылай қорғаушы алыстан тамаша соққы жасап, есепті теңестірді.

Көпшілік ойын қосымша уақытқа ұласады деп ойлағанымен, Аргентина жеңісті жұлып әкетті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа Халық Конституциясы елімізде ауқымды өзгерістердің басталуына негіз болды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түнгі сағат 01:00 шамасында туған күн тойлап отырған отбасының шырқын ауласына кірген жеңіл көлік бұ...