Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық...
Михаил Шайдоровтың жаттықтырушысы мәлімдеме жасады
Фото: olympia_da
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жаттықтырушысы, белгілі ресейлік маман Алексей Урманов ОИ-2026 жарысынан кейін күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«СЭ» басылымына берген сұхбатында ол Шайдоровтың жеңісінен алған эмоциясы өзінің 1994 жылы алтын медаль жеңіп алған сәтіндегі сезімінен мүлде бөлек екенін айтты.
«Мен бұл жігітті — Михаил Шайдоровты қатты мақтан тұтамын. Оған тәуекелдерді сеніп тапсыра алатыныма мақтанамын. Бүгінгі төрттік флип әлі толық пысықталмаған еді, біз оны аз жаттықтырдық, сондықтан қатты уайымдадым», — деп мойындады Урманов.
Ол сондай-ақ, егер оның орнында басқа спортшы болғанда, мұндай күрделі элементті орындауға жібермейтінін айтты.
«Ал бұл спортшыға сенемін», — деп атап өтті жаттықтырушы.
Еске салсақ, Урманов Шайдоровпен 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Фигурист Алматы қаласында дүниеге келген, алайда Сочиде әйгілі ресейлік дара спортшының жетекшілігімен жаттығады.