Нариман Құрбанов алтын медаль жеңіп алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1680

Түркияның Анталия қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңі қазақстандықтар үшін олжалы болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов ат спорты жаттығуында алдына жан салмады. Ол 14,634 ұпай жинады.

Бұл Нариманның Парижден кейінгі алғашқы жарысы еді.

Тағы бір қазақстандық Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

Иорданиялық Ахмад Абу Аль Сауд (14,200) үздік үштікті түйіндеді.

Әлем кубогы кезеңі 23 наурыз күні мәресіне жетеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...