Назым Қызайбай Әлем кубогінің чемпионы атанды

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
166

Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген Назым Қызайбай Әлем кубогында чемпион атанды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері басталып, алғашқы чемпиондар анықталды.

Алтын медаль үшін өткен кездесулерде Қазақстан құрамасы сапынан алғаш болып әйелдер құрамасының өкілдері шаршы алаңға шықты.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Назым Қызайбай өнер көрсетті. Оның қарсыласы Италия боксшысы Сирин Чарааби болды.

Қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол алғашқы екі раундта 4:1 есебімен басым түсіп, жекпе-жекті өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай World Boxing күнтізбесіндегі биылғы Әлем кубогінің екінші кезеңінің чемпионы атанды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, өмірден өткен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Олжас Құдайбергенов коронавирусқа қатысты тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды Ma...