32 жыл күткен алтын: Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиада чемпионы

Фото: olympic.kz

СПОРТ
1190

Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында 32 жылдан кейін алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров мұз үстінде тарихи жеңіс жасап, ел қоржынына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш алтынды салды. Милан мұз айдынында Қазақстан туы көкке көтеріліп, әнұран шырқалды.

Жарыстың шешуші сәтінде Шайдоров мұз айдынын нағыз өнер сахнасына айналдырды. Италиялық Confessa әні мен «Бесінші элемент» фильміндегі Димаш Құдайбергеннің вокалымен өрілген композиция аясында ол еркін бағдарламасын асқан сеніммен, ерекше шабытпен орындады. Әрбір қимыл нақтылығымен, әр секіру биіктігімен көз сүйсіндірді. Спортшы толқуды толық еңсеріп,  5 төрттік секіру элементін сәтті орындады. Бұл мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең күрделі әрі ұпайлық құны жоғары элементтердің бірі.

Ерлер арасындағы тартысты додада күрделі каскад орындаған Шайдоров еркін бағдарламада 198.64 ұпай жинады. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша оның жиынтық көрсеткіші 291.58 ұпайға жетіп, Олимпиада алтынын айқын басымдықпен еншіледі.

Күміс медальді жапониялық Юма Кагияма 280.06 ұпаймен еншілесе, қола жүлде 274.90 ұпай жинаған Шун Сатоға бұйырды. Жалпы турнирге 24 спортшы қатысты. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Айдана Меденова босану кезінде басынан өткен қиын сәттерді еске алды. Өнер иесі бұл т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам дәрігерге шабуыл жасап, оны мойн...