“Ол бас тартты… Мен оң қолсыз шықтым”: Қуат Хамитов Головкинді сынады

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
608

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов өзін әйгілі боксшы Геннадий Головкинмен салыстырып, сынап та алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Namys Fighting YouTube-арнасына берген сұхбатында көпке танымал ММА шебері Головкинді сынға алған сәтін еске алды.

Неліктен мен бір кезде Головкинді сынадым? Бір кезеңде ол жекпе-жекке шығып, бәрін жеңіп жүрді. Сол кезде мен армандаған жекпе-жекті — Головкин мен Андре Уордтың кездесуін көргім келді. Головкин 73 килограмға дейінгі салмақта, ал Уорд — 76 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсетті. Головкин сол кезде жеңілмеген «монстр» болатын, бірақ үш-ақ килограмға көтерілуден бас тартты. Кездесу болмады, ал ол жекпе-жекті  бүкіл әлем күткен еді.

Осылай өз ойын айтқан спортшы өзі туралы халықтың сынына да жауап беріп өткен. Оның айтуынша, жеңіліс тапқанымен қарсыласқа берілмеген, тәуекелге бара білген. 

Ал мен ше? Мен 70 килограммдық салмақтан бірден 25 килограмға көтерілдім. Енді мені «көтеріліп алып, ұтылды» деп сынайды. Ал адамдар өз салмағында жүріп-ақ бірінші немесе екінші раундта нокаутпен ұтылады — үйдегідей «ұйықтап» қалады. Ал мен 100 килограммдық «монстрмен» жарақатпен, оң қолсыз шықтым, бірақ соңына дейін айқастым. Жеңілсем де, берілмедім, «ұйықтаған» жоқпын, - деді Хамитов. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...