Қазақстандық спортшы Олимпиада рекордын орнатты

Фото: Сали Сабиров

СПОРТ
2475

6 тамыз күні Париж Олимпиадасында спорттық құзға өрмелеу бәсекесі басталды, деп хабарлайды  madeniportal.kz ҰОК сілтеме жасап.

Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Әмір Маймұратов қорғауда. Атлеттер «жылдамдық» дисциплинасы бойынша бақ сынауда. 

Олимпиада ойындары аясында іріктеу айналымы өтуде. Осыдан соң, әрі қарайғы турнир кестесі құрылады. 

Маймұратов  бірінші мүмкіндігінде олимпиада рекордын орнатты. Оның уақыт көрсеткіші – 4.89. 

Айта кетелік, оған дейін де екі атлет Олимпиада ойындарының рекордын  орнатқан болатын. 

Қазіргі таңда алғашқы айналым жалғасуда. 

 

 

АЙМАҚТАР

Ар-ождан бостандығы ата Заңымызбен кепілдік берілген ажырамас құқық. Алайда бұл қасиетті ұғымды кейб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда 54 жастағы әйел күйеуінің пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы жағдайды алғаш болып ерлі...