Олимпиаданың жабылу салтанатында туды кім ұстайды?

Фото: magmer.ru

СПОРТ
1831

Бүгін Париж Олимпиадасының жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz

Бүгін Астана уақыты бойынша 00:00-де Париж Олимпиадасының жабылу салтанаты өтеді. Шараны 80 мың көрерменді сыйдыра алатын “Стад де Франс” стадионы қабылдайды. Біздің елден ту ұстаушы ретінде Елжана Таниева мен Әлішер Ерғали шығады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жабылу салтанатында көрермендерді көптеген құпиялар күтіп тұр. Әзірше сахнада 100 акробат, биші, танымал әншілердің қатысатындығы жайлы ғана ақпарат белгілі.

Шоуға керемет көрініс беру үшін әлемдік шоу-бизнес өкілдері шақырылды. Атап айтсақ, Билли Айлиш, Снуп Догг және Red Hot Chill Peppers рок тобы.

Айта кетейік, XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамыз күндері аралығында өтіп, 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...