Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

ЖАҢАЛЫҚТАР
2681

Сіздердің назарларыңызға қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарыс нәтижелерін ұсынамыз.



Үстел теннисі. Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Алан Құрманғалиев Хана Годамен (Египет) бірге аралас жұпта әлем чемпионы атанды, сондай-ақ жеке есепте қола медаль жеңіп алды.

Конькимен жүгіру. Надежда Морозова Канададағы әлем кубогы кезеңінде екінші келді. Ол 1500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алды.  Қазақстан командасының өкілі Денис Никиша Алматыда шорт-тректен әлем кубогының кезеңі аясында 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болды.

Ауыр атлетика. Колумбияда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Алексей Чуркин 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальді иеленді.

Семсерлесу. Семсерлесуден Қазақстан командасы (Богдан Лукин, Георгий Тинников, Александр Федотов, Габидин Мұстафин) Өзбекстандағы әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде қола медаль жеңіп алды.

Киберспорт. PUBG Mobile бойынша Дамир AXZCER Омаров, Бақытжан PUNCHER Елменбет, Данияр TEAQ Қонақбай және Арман PSIX Чамани бастаған Қазақстан құрамасы халықаралық киберспорт федерациясының шешімімен (IESF) киберспорттан әлем чемпионы атанды. Турнир Бали аралында (Индонезия) өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...