FIFA Series 2026 турнирінің алғашқы ойыны Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқталды, деп хабарлайды&nbs...
Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды
Ашық дереккөз
48 келіге дейінгі салмақта қазақстандық балуан Ағабек әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Финалда ол Үндістаннан келген Арьянды 10:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Финалға дейінгі жолда Ағабек төрт кездесуде басым түсті. Ол тәжікстандық Муслихиддин Ходжиевті (10:0), болгариялық Эмир Джеватовты (10:0), моңғолстандық Темулэн Усухбаярды (10:0) және өзбекстандық Фарух Махмудовты (7:3) жеңді.
Сенбі күні, 1 тамызда, Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Сағындық Темірғали 110 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола медалі үшін белдеседі.
Бұған дейін 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Дияр Аманали алтын медаль иеленген еді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ал 48 келіде сынға түскен қазақстандық Али Алмас күміс жүлдеге ие болды.