Қайрат ФК президенті Қайрат Боранбаев лауазымды қызметке тағайындалды

Фото: ФК Қайрат

СПОРТ
483

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт федерациясы – IBSA Атқарушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тиісті шешім 2026 жылғы 3 тамызда өткен ұйымның Атқарушы кеңесі отырысында қабылданған.

IBSA – көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спорт түрлерін дамытуға бағытталған халықаралық ұйым. Федерация құрамына әлемнің 100-ден астам еліндегі ұлттық спорт ұйымдары кіреді.

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қайрат Боранбаевтың IBSA-ның басқарушы органына енуі Қазақстанның халықаралық паралимпиадалық қозғалыстағы рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл тағайындау халықаралық байланыстарды кеңейтіп, көру қабілеті бұзылған спортшыларды қолдауға бағытталған жобаларды дамытуға және Қазақстанның әлемдік параспорт саласындағы бастамаларға қатысуын арттыруға жол ашады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысы Шу ауданының Қонаев ауылында воркаут аймағы бар шағын футбол алаңы мен балалар ойын ал...

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Аичи–...