Астанада мерекеге орай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілдуде

Жаңалықтар
638

Наурыз - бай дастархан мен алаңдағы концерттер ғана емес, сонымен қатар ұлттық спорт әлеміне енуге мүмкіндік беретін бұқаралық спорттық іс-шаралар. Мереке құрметіне қаланың ашық алаңдарында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілдуде, оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше,Наурыз мерекесіне арналған спорттық жарыстар 21 - 22 наурыз аралығында қаланың барлық аудандарында өткізіледі.Бүгінде қазақ күресі, қошқар көтеру, арқан тарту, армрестлинг, гір спорты және асық ату сияқты қазақтың ұлттық ойындарынсыз бірде-бір мереке өтпейді.

Қаланың әртүрлі аудандарындағы жарыстарға елорданың мыңдаған тұрғыны мен қонақтары қатысады. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталады.

Алматы ауданындағы осындай алаңдар "Қазақ елі" алаңында, Қобыланды батыр көшесі, 7, Қордай және Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысында, Интернациональный, Мичурино, Железнодороный, Өндіріс, Күйгенжар тұрғын алаптарында, Отау, Сарайшық шағын аудандарында, Нұрлы Жол теміржол вокзалының жанында, Президенттік саябақта ашылды.

Сарыарқа ауданы бойынша жарыстар қалалық алаңда, “Көктал” саябағында, Қорғалжын және Оқжетпес скверлерінде өткізілді.

Байқоңыр ауданы бойынша келесі орындар: "Ататүрік" саябағы, Жазушылар аллеясы, Өндіріс, Қазқалашық, Кирпичный тұрғын алаптары, Қоянды саяжай алабы.

Есіл ауданы бойынша: Бәйтерек монументі, ЕХРО, Пригородный тұрғын алабы.

Нұра ауданы бойынша: Үркер тұрғын алабы, Айғыржал көшесі, Жағалау шағынауданы.

Айта кету керек, биылдан бастап Қазақстанда Наурыз 10 күн тойланады. Наурызнамның мерекелік онкүндігінің әр күні ерекше мағынаға толы. Мысалы, 20 наурызда Ұлттық спорт күні аталып өтті.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...