Қазақстандық мергендер Азиадада жеңіс тұғырына көтерілді

Фото: Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов. Фото: ҰОК/ Сәли Сабиров

СПОРТ
164

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында стенд атудың "трап" бағдарламасы бойынша командалық жарыста Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль иеленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстандық спортшылар 348 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Ұлттық құрама сапында Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов өнер көрсетті.

Жарыста 355 ұпай жинаған Кувейт құрамасы жеңіске жетті. Күміс медаль Қатар командасына (349 ұпай) бұйырды. 

Стенд атудағы қола жүлдеден кейін Қазақстан 2026 жылғы Азия ойындарының медальдар кестесінде бесінші орында тұр. Құрама қоржынында 9 алтын, 13 күміс және 24 қола медаль бар.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 558 спортшы спорттың 35 түрінен бақ сынап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қамауға алынған Данияр Хайрушевтің ата-анасы Президентке үнд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылындағы жойқын өрттен қаза тапқан 8, 6 және...