Қазақстан қоржынына Азия ойындарының үшінші медалі түсті

Фото: Спорт министрлігі

СПОРТ
2020

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының үшінші жүлде, қола медалі түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Спорт және туризм министрлігі Константин Борцов - IX қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын хабарлады. 

Шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринтте қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Константин Борцов 2:58.28 секунд уақыт көрсеткішімен қолаға қол жеткізді. 

Бұған дейін Қазақстан қоржынына Азия ойындарының екінші медалі түскен болатын.  Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған Евгений Кошкин (9.47) күміс жүлдені иеленді. 

Тағы бір отандасымыз Алтай Жәрдембекұлы 4-ші орыннан көрінсе, Артур Ғалиев 12-ші орын, Никита Важенин 15-ші орынға тұрақтады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жариялаған кезекті жазбасымен көпшілікт...