Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еуропа чемпионатының тарихына енді

Фото: Кazfootball.kz

СПОРТ
1955

26 жастағы қазақстандық БАТЭ шабуылшысы Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында айтулы жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulyssport.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Өміртаев БАТЭ-нің Сморгон клубын (7:4) жеңген матчқа қатысты. Отандасымыз алаңға 59-минутта есеп 4:2 болып тұрған кезде шығып, 83-минутта Оралхан гол соқты. Бұл Өміртаевқа 2024 жылғы Беларусь чемпионатында қосалқы құраммен шыққаннан кейін гол саны бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік берді.

Соңғы турға дейін Оралхан Өміртаев пен Максим Скавыштың еншісінде осындай жеті голдан болды. Бірақ «Сморгонға» қарсы матчты қосалқы құрамда бастаған қазақстандық футболшы ойынға екінші таймда қосылып, тағы бір гол соғып көш бастады.

Соның арқасында ол «Торпедо-БелАЗ» шабуылшысын басып озып, бірінші орынға шықты. Дегенмен алда әлі «Славиямен» финалдық кездесу бар.

Сонымен қатар Өміртаев 2018 жылы БАТЭ ойыншысы ретінде сол Скавыш орнатқан абсолютті рекордты қайталады. Яғни Максим де алмастырылғаннан кейін сегіз рет гол соққан. Оралхан бұл көрсеткіш бойынша шетелдік ойыншылар арасында да рекорд орнатты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...